40 жылдығына арналған шағын футболдан екінші тур ойындары өтті

29июля 2019

28 шілдеде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кубогы үшін ардагерлер арасында Қазақстан мұнайының 120 жылдығына және Қаламқас кен орны ашылуының 40 жылдығына арналған шағын футболдан екінші тур ойындары өтті.
Аталған сынға Маңғыстау облысынан 16 команда қатысып жатыр. Олардың арасында «Қаражанбасмұнай» АҚ командасы да бар.
«Д» тобында «Қаражанбас» футболшылары «Ақшұқыр» ардагерлер командасын 4-1 есебімен ұтып, 6 ұпай жинап, финалдық кезеңге жолдама алды. Оның алдында қаражанбастықтар «Ақтас» командасынан 1:0 есебімен басым түскен болатын.
Екі тур нәтижесі бойынша 4 команда «Алтын кубоктың» финалына шықты. Олар: «Өзен Ардагер», «Өзенмұнайгаз», «Спартак» және «Қаражанбас». Финалдық ойында тамыз айының 10-да өтеді деп жоспарлануда. 

Дата публикации:
29 июля 2019

Просмотры: 5677

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил