29 тамыз күні Қаражанбас кен орнында қазақ мұнайына 120 жыл және Қаражанбас кен орнының ашылғанына 45 жыл толуына орай мәдени демалыс орталығында концерттік іс-шара өтті.

0

29 тамыз күні Қаражанбас кен орнында қазақ мұнайына 120 жыл және Қаражанбас кен орнының ашылғанына 45 жыл толуына орай мәдени демалыс орталығында концерттік іс-шара өтті.
Жұмысшыларды айтулы мерекемен компания Президенті Ли Тецян, өндіріс жөніндегі Вице-президент Нұрсейіт Сүйінов, кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Вице-президент Балабай Шелпеков, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС Президенті Менг Цинган, «АрғымақТрансСервис» ЖШС Президенті Чжао Цзинчжун, кәсіподақ төрағасы Айтбай Кужухов, өндірістік басқарма директоры Оңғарбай Қабылов құттықтады. Құттықтау барысында бірқатар жұмышсыларға «KAZENERGY» қауымдастығы, Маңғыстау облысы әкімі, «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығының марапаттарымен бірге, «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерекелік медалі табысталды. Бұдан бөлек, айтулы мерекеге орай өткен спорттық жарыс жеңімпаздары және «Үздік маман-2019» кәсіби шеберлік сайысының жеңімпаздары марапатталды.
Салтанатты кеште Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының әртістері өнерлерін ортаға салып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен бірге, көрермендер арасында лоторея ойнатылып, жеңімпаздарға тұрмыстық заттар табысталды. 

Дата публикации:
0

Просмотры: 5239

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил