27 маусымда Қаражанбас кен орнында мәдени демалыс орталығында Астана қаласының 20 жылдығы мен Ақтау қаласының 55 жылдығына орай Абай атындағы мәдени демалыс кешені өнерпаздарының ұйымдастыруымен концерт өтті.

0

27 маусымда Қаражанбас кен орнында мәдени демалыс орталығында Астана қаласының 20 жылдығы мен Ақтау қаласының 55 жылдығына орай Абай атындағы мәдени демалыс кешені өнерпаздарының ұйымдастыруымен концерт өтті. Сонымен бірге, Ақтау қалалық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен асық ату, арқан тарту, қол күресі, ләңгі тебу, кір тасын көтеруден мұнайшылар арасында спорттық жарыстар өткізілді. 

Сондай-ақ, Ерболат Қоңырбасов, Оразғали Жұмагұлов, Қанатбек Ахметов, Бибігул Сарғожаева, Қуанғали Сариев, Рысқали Жұмаев, Төлепберген Мұрынов ұзақ жылдардан бері Қаражанбаста жұмыс істеп келе жатқан жұмысшылар Ақтау қаласы әкімінің арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

 Шарасы барысында мұнайшы қауымды Ақтау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Қартбаев, қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Г.Алдашева, «Қаражанбасмұнай» АҚ ОИТҚ басшысы Ж.Рахманов құттықтады. 

Дата публикации:
0

Просмотры: 7218

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил