2019 жылдың 6 қаңтарында Қаражанбас кен орнында өндіріс жұмысында үздік көрсеткішке елеулі үлес қосқан мұнайшылар марапатталды.

0

2019 жылдың 6 қаңтарында Қаражанбас кен орнында өндіріс жұмысында үздік көрсеткішке елеулі үлес қосқан мұнайшылар марапатталды. Өндірістік басқарма директорының орынбасары Кәрім Бозахаров жұмысшы қауымға басшылық атынан алғыс білдіре келе, олардың сіңірген жұмысының маңыздылығын атады. Бұл жолы марапатталғандар арасында Электр цехынан Махат Смайлов, Рафик Тұрақбаев, жабдықтарды пайдалану және икемдеп жөндеу цехынан Равиль Гизизиянов, Равиль Куталиев, мұнай өндіру цехынан Бек Амангелдин мен Игорь Митрохин сынды әріптестеріміз бар. Сонымен бірге, №1 мұнай өндіру цехынан Асқар Әлжановқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» Құрмет грамотасы табысталды. 

Дата публикации:
0

Просмотры: 7730

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил