2018 жылдың 22 қарашасында «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС-нің Бақылаушы кеңес төрағасы Сүйіндік Алдашев Серіктестік қызметкерлерімен кездесіп, жаңадан тағайындалған Бірінші вице-президент Таңатар Өскінбайұлы Жайман мырзаны ұжымға таныстырды.

23ноября 2018

Таңатар Жайман 1994 жылы Ақтау политехникалық институтын «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын 1994 жылы Жаңаөзен қаласындағы Бұрғылау жұмыстары басқармасында мұнай-газ ұңғыларын пайдалану және барлау мақсатында бұрғылау бойынша бұрғышы көмекшісі мамандығынан бастады. Өндірістік техникалық бөлімінің жетекші инженері, кейіннен орталық инженерлік – техникалық құрамының жетекші геологы қызметтерін атқарған. Әр жылдары «Круз» ЖШС, «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ құрамында түрлі жетекшілік, басқарушылық лауазымдарда еңбек еткен. 2014 жылдан бері «Технологиялық көліктерді басқару және ұңғыларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС-де директордың өндіріс жөніндегі орынбасары ретінде жұмыс істеді. 

Ағымдағы жылдың қараша айының 21 жұлдызынан бастап барлық қатысу үлесіне ие жалғыз қатысушының шешімімен «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС-нің Бірінші вице-президенті қызметіне тағайындалды. 

Дата публикации:
23 ноября 2018

Просмотры: 7691

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил