1974 жылы 22 қаңтарда Қаражанбас кен орнында алғаш рет мұнай фонтаны атқылаған болатын.

22января 2019

1974 жылы 22 қаңтарда Қаражанбас кен орнында алғаш рет мұнай фонтаны атқылаған болатын. Бүгін оған тура 45 жыл толып отыр.
Сол кезеңде К-12 құрылымдық ұңғысынан 302 м тереңдіктегі төменгі бор шөгінділерінің неоком қабатынан тұңғыш мұнай бұрқағы атқылаған еді.
45 жыл бұрын жаңа Бозашы мұнайлы аймағының Қаражанбас кен орны ашылған күні болып Маңғыстау тарихында мәңгілікке жазылып қалды.
Қаражанбас кен орның ашқан геолог Әділ Нұрманов, бұрғышы Санақ Таянов, тағы да басқа ағаларымызға құрметпен алғысымызды білдіреміз.

Қаражанбас кен орны ашылғанына 45 жыл толып отыр, құрметті әріптестер!

Баршаңызды осы тарихи күнмен шын жүректен құттықтаймыз! Қаражанбас еңбек ұжымының жетістіктері көп болғай! 

Дата публикации:
22 января 2019

Просмотры: 8329

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил