17 наурызда Тұщықұдық ауылындағы С.Жаңғабылов орта мектебінің өнерпаздары Қаражанбас кен орнында мұнайшылар қауымын наурыз мерекесімен құттықтап

18марта 2018

17 наурызда Тұщықұдық ауылындағы С.Жаңғабылов орта мектебінің өнерпаздары Қаражанбас кен орнында мұнайшылар қауымын наурыз мерекесімен құттықтап, «Елден сәлем» атты алғыс концерттік бағдарламарын ұсынды. Оқушылар ауылмен іргелес орналасқан кен орнының тыныс-тіршілігімен, әкелері мен аға-апаларының жұмыс орнымен танысып, «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның мектепке жасаған қамқорлығы үшін алғыс айтты.

С.Жаңғабылов орта мектебінің оқушылары мұнайшылар қалашығындағы жатақхана, мәдени демалыс орталығы, спорт зал, музейді аралап, кітапханада мұнайшылармен сұхбат құрды. Мерекелік кешті мектеп өнерпаздары әннен шашу шашып, бимен өрнектеді. Аталған кеште сөз алған Өндірістік басқарма директорының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары Нұрлан Дүйсебеков өнерпаздарға ризашылығын білдіріп, балаларға компания атынан естелік сыйлықтарды табыстады. 

Дата публикации:
18 марта 2018

Просмотры: 7109

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил