11 тамыз күні "Батыр" спорт кешенінде қазақ мұнай өндісінің 120 жылдығы мен Қаламқас кен орнының ашылуының 40 жылдығына орай шағын футболдан ардагерлер арасында финалдық кезең ойындары өтіп, қаражанбастықтар топ жарды. Жартылай финалда «Маңғыстаумұнайгаз»-1 командасын 4:5 есебімен басым түскен «Қаражанбасмұнай» командасы финалда «Бозашыны» 4:2 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, атаулы мерекеге орай ұйымдастырылған футбол турнирінің алтын кубогына ие болды. Жауапты сында намысты қолдан бермей, үздіктер көшін бастаған әріптестерімізді еңбек ұжымы атынан құттықтаймыз.
Дата публикации:
0
Поделиться: