«Қаражанбасмұнай» АҚ жыл басынан бері 6 айдағы жұмысы туралы қорытынды есебі берілді
Бүгін Қаражанбас кен орнында бірінші ауысым жұмысшылары арасында «Үздік маман-2019» кәсіби шеберлік сайысының практикалық кезеңі басталды. №1, 2 мұнай өндіру цехы, газ цехы, құрылыс жөндеу цехы, жылу және сумен қамту цехы, жабдықтарды пайдалану және икемдеп жөндеу цехы, қабат қысымын ұстау цехының жұмысшылары бақ сынауда. 2-3 маусым күндері біліктілік бәсекесі өндіріс жұмысшылары арасында 18 номинация бойынша өтіп, кіл мықтыларды іріктеп, топ жарғандар алда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ шеңберінде өтетін сайысқа жолдама алады.
Дата публикации:
2 июня 2019
Поделиться: