«Үздік маман-2019» кәсіби шеберлік сайысы

23мая 2019

Мамырдың 23-24 күндері Қаражанбас кен орнында «Үздік маман-2019» кәсіби шеберлік сайысының пратикалық кезеңі өтіп жатыр. Бұл сайыс Қазақстан мұнай өндірісінің 120 жылдығына арналып отыр. Мұнда «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары 18 номинация бойынша өз ісінің шеберлерін анықтайтын болады. Алғашқы кезеңде тестілеуге 259 адам қатысса, олардың тек 149 ғана келесі сынға жолдама алды. Қатысушылардың жұмысын сайыс барысында арнайы құрылған комиссия бағалайды.

Бүгін кен орнында ұңғыларды зерттеу операторы, электромонтер, бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика слесарі және тағы басқа аталымдары бойынша практикалық сынақ өттіп жатыр.

Екінші ауысым жұмысшылары арасында «Үздік маман-2019» сайысының практикалық кезеңі мамыр айының 30-31 күндері өтеді деп жоспарланған. 

Дата публикации:
23 мая 2019

Просмотры: 7343

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил