«Үздік маман-2017» сайысының аймақтық кезеңі

4октября 2017

Қыркүйектің 25-29 күндері аралығында Қаражанбас кен орнында «Үздік маман-2017» сайысының аймақтық кезеңі мәресіне жетті. Бірінші бөлімде қатысушылар Ақтау қаласындағы «Nur Plaza» қонақ үйінде тестілеуден өтіп, екінші бөлімде кен орнында практикалық сында шеберлік байқасты. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компанияларының «Үздік маман-2017» сайысының» маңызды кезеңінде ҚБМ компаниялар тобы атынан сынға түскен мамандар сенімді ақтап, олардың арасынан 10 мұнайшы жүлделі орындарға иеболды. 

Үздік қабат қысымын ұстау операторы: 
ІІ орын: Әсет Абижанов («Қаражанбасмұнай» АҚ);

Үздік токарь:
ІІІ орын: Қазидолла Оразов («Қаражанбасмұнай» АҚ);

Үздік электромонтер: 
І орын: Асқар Айзақов, Болат Сүндетов («Қаражанбасмұнай» АҚ); 

Үздік жерасты ұңғыларын жөндеу бригадасы: 
ІІ орын: Сағыныш Жұмағазиев;
Бағдат Арашов;
Сәкен Алибаев; 
Құдайберген Қамысбаев («ТұлпарМұнайСервис» ЖШС); 

Үздік ұңғыларды күрделі жөндеу бригадасы: 
ІІ орын: Серік Шапағатов, Айберген Ізтұрғанов, Серік Исембайұлы, Нұрболат Мұхамметжанұлы, Айтнияз Казиев («ТұлпарМұнайСервис» ЖШС);
ІІІ орын: Радик Арықбаев, Жақсылық Байқұлов, Манарбек Бимағамбетов, Ерлан Калменов, Әміржан Орынбас (ТКжҰҚКБ);

Үздік ЦА-320 машинист-моторист: 
ІІІ орын: Ибрагим Мамедниязов, Ерен Қартбаев (ТКжҰҚКБ);

Үздік автокөлік жөндеу слесарі: 
І орын: Әліби Өтеғали («АрғымақТрансСервис» ЖШС);
ІІІ орын: Нұрсұлтан Асықбаев (ТКжҰҚКБ);

Үздік көлік жүргізушісі: 
І орын: Азамат Нұрбаулов (ТКжҰҚКБ)
ІІ орын: Рауан Ұзақбаев («АрғымақТрансСервис» ЖШС)

Жауапты сында намысты қолдан бермей, жүлделі орындарға тұрақтаған барлық әріптестерімізді компания атынан шын жүректен құттықтаймыз!

 

Дата публикации:
4 октября 2017

Просмотры: 10686

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил