«ТКБжҰҚК» ЖШС-нде Жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды

8сентября 2016

2016 жылғы 31 тамыз күні «Технологиялық көлікті басқару және ұңғыларға қызмет көрсету» ЖШС (ТКБжҰҚК) кеңсесінде 2016-2019 жылдарға арналған Жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды.Жаңа Ұжымдық шарттың жобасын жасау жұмыстары 2016 жылдың қаңтар айында басталды. Шарт жобасын жасау комиссиясының құрамына компания және кәсіподақ басшылығынан құралған қос тараптың мамандары кірді. Құжатқа «ТКБжҰҚК» ЖШС директоры Қалбай Ізмұханов пен Кәсіподақ төрағасы Қуаныш Сисенбаев қол қойды. Рәсімге комиссияның барлық мүшелері мен әкімшілік-басқару персоналы қатысты.

Ұжымдық шарттың жаңа редакциясында мекеме жұмыскерлерін қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету және оларды кәсіби аурулардан сақтандыруға қатысты барлық жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер сақталған. Кейбір тұстары бұрынғыдан да жақсартылып, жұмыскерлерді сауықтыруға басымдық берілген. Тараптар бұндай маңызды құжатқа қол қою Серіктестіктің бірден бір құрылтайшысы – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның қолдауы мен түсіністік танытуының арқасында ғана мүмкін болғанын атап көрсетті.

В ТОО «УТТиОС» подписан новый Коллективный договор

31 августа 2016 года, в офисе ТОО «Управление технологического транспорта и обслуживания скважин» (УТТиОС) состоялось подписание нового коллективного договора на 2016-2019 годы. Работа по разработке проекта нового Коллективного договора началась в январе 2016 года. В составе комиссии по разработке нового Коллективного договора участвовали специалисты с обеих сторон, включая руководство компании и профсоюза. Документ скрепили своими подписями Директор ТОО «УТТиОС» Калбай Измуханов и Председатель профсоюза – Куаныш Сисенбаев. При подписании документа присутствовали все члены комиссии и административно-управленческий персонал.

Новая редакция Коллективного договора сохраняет практически все льготы и социальные гарантии, касающиеся обеспечения безопасных условий труда и сохранения профессионального здоровья работников предприятия, а в некоторых случаях можно наблюдать и их улучшение. В приоритете сохранилось оздоровление работников.Стороны отметили, что подписание такого важного документа было бы невозможно без содействия и понимания со стороны единственного участника Товарищества в лице АО «РД «КазМунайГаз».

 

Дата публикации:
8 сентября 2016

Просмотры: 13629

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил