«Сұңқар» сауықтыру кешенінде дәстүрлі Спартакиадасының финалдық кезеңі мәресіне жетті.

1сентября 2017

Тамыз айының 27-29 күндері Ақмола облысының Зеренді аймағындағы «Сұңқар» сауықтыру кешенінде мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлерінің мерекесіне орай «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобының дәстүрлі Спартакиадасының финалдық кезеңі мәресіне жетті.
Армреслинг, баскетбол, волейбол, жүзу, шағын футбол, шахмат, үстел теннисінен өткен спорттық ойындарға «Қаражанбас» компаниялар тобынан спортшыларымыз сынға түсті. Тартысты өткен бәсекеде компания намысын қорғаған әріптестеріміз табысты өнер көрсетті. Нәтижесінде волейболшыларымыз жүлделі үшінші орынға тұрақтады. 
Зерендіде өткен спартакиадаға ҚМГ компаниялар тобының 30 ұйымынан жалпы саны үш жүзге жуық спортшы қатысты. Биылғы ақтық бәсекеге 7 топ бойынша Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары жиналып отыр. Айта кететіні, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ-нан Барлау-өндіру, Мұнай тасымалдау және газ маркетингі, Мұнай өңдеу және маркетинг, Мұнайсервис, Бұрғылау және сервистік жобалар бизнес бағыттары бойынша 50-ге жуық ұйымнан 2 500 адам қатысқан болатын.
Айтулы сында намысты қолдан бермей, үздіктер қатарына қосылған спортшыларымызды әріптестер атынан құттықтаймыз!

 

Дата публикации:
1 сентября 2017

Просмотры: 8804

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил