«Өзенмұнайгаз» АҚ 18 жұмысшысы тәжірибе алмасу мақсатында Қаражанбас кен орнына арнайы келді

19июля 2019

17-18 шілде күндері «Өзенмұнайгаз» АҚ 18 жұмысшысы тәжірибе алмасу мақсатында Қаражанбас кен орнына арнайы келді. Өндіріс жұмысындағы жаңа технология, автоматтандыру жүйесі, еңбекті қорғау, сапалық бақылау жұмыстарымен танысқан өзенмұнайгаздықтар қаражанбастық мамандармен бірге жұмыс істеп көрді. Мәселен, ӨМГ АҚ мұнай және газ өндіру операторлары Қаражанбаста қолданылатын жаңа әдістер мен жабдықтар, қондырғылар жұмысына куә болды.
Екі күндік сапар аясында екі тарап бас қосып, өндіріс жұмыстары бойынша пікір алмасты. Оның ішінде еңбекті қорғау, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы байланыс, қоршаған ортаны қорғау бағыттары бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ мамандары «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмыстарына жоғары баға берді. 

Дата публикации:
19 июля 2019

Просмотры: 5379

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил