«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнайсервистері жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев Маңғыстау облысының активімен кездесті.

18октября 2018

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнайсервистері жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев Маңғыстау облысының активімен, тұрғындарымен кездесу өткізіп, Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндірді. Кездесу барысында Жолдауда белгіленген бағыттар мен міндеттер талқыланды. 

Қ. Есқазиев стратегиялық құжаттың тарихи маңыздылығын атап өтті. Жолдау нақты, уақытылы және өзекті екенін айтты. 

- «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының ұжымы Қазақстан Президентінің Жолдауын толық қолдайды. Біз Қазақстанның ең ірі салық төлеушісі ретінде өз жауапкершілігіміз бен міндеттерімізді жақсы түсінеміз. Осы жылда қажыр-қайратпен еңбек етеміз. Ел экономикасын нығайтамыз. Қызметімізді жүргізіп отырған өңірлердің әлеуметтік саласына қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Осылайша, Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында қойылған міндеттерді шешуге өз үлесімізді қосамыз, – деді Қ. Есқазиев. 

Дата публикации:
18 октября 2018

Просмотры: 7656

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил