«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығы ҚМГ компаниялар тобының Маңғыстау облысындағы мұнай кен орындарын аралады

0

Қазанның 10-12 күндері аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығы ҚМГ компаниялар тобының Маңғыстау облысындағы мұнай кен орындарын аралады. Сапар барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Өндіру, барлау және мұнай сервисі жөніндегі Атқарушы вице-президенті О.Карпушин серіктес және тәуелді компаниялармен кен орындарындарындағы жұмыс барысымен танысып, проблемалық мәселелерді және перспективалық даму жағдайларын пысықтады.
Қаражанбас кен орнында жер асты және ұңғымаларды күрделік жөндеу цехының базасы, қабаттық қысымды ұстау жүйесінің жұмысын ұйымдастыру процесі нысандары, техникалық қызмет көрсету және жөндеу нысандары тексеріліп, еңбек ұжымдарымен кездесу ұйымдастырылды. Кен орнын аралау барысында О.Карпушин жұмысшылармен тілдесті. 
Сондай-ақ, 12 қазанда Ақтау қаласында ҚМГ компаниялар тобының жылжымалы өндірістік жиналысы өтті. Онда ағымдағы мәселелер қаралып, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кен орындарының перспективалық дамуы және проблемалық мәселелері қаралды. Отырыста ұңғымалар құрылысы процесін сапалы әрі тиімді жүргізу, жиі жөндеуге тұратын қорды қысқарту, геологиялық-техникалық шаралардан кейін істеп тұрған қорда оңтайлы жұмыс режиміне жетісу, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын басқарудың жаңа үлгісін енгізу мәселелері талқыланды. 

Дата публикации:
0

Просмотры: 8320

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил