«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ ұйымдастыруымен әлеуметтік сала мамандарының күніне орай кеңейтілген басқосу өтті

30октября 2017

27 қазанда Ақтау қаласында «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ ұйымдастыруымен әлеуметтік сала мамандарының күніне орай кеңейтілген басқосу өтті. Аталған шараға Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қаражанбасмұнай, Қазгермұнай, сондай-ақ, мұнайсервистік компаниялар, орталық аппараттың әлеуметтік саясат саласына жауапты басшылары мен мамандары қатысты. Бір күнге созылған басқосуда «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ аппарат басшысы Бауыржан Асқаров Бас директор Есқазиев Құрманғазы Орынғазыұлының құттықтауын жеткізді.
«Біз бүгін алғаш рет мұндай форматта кездесіп отырмыз. Осынау маңызды іс-шараны Маңғыстау өңірінде ұйымдастырудың мәні зор. Өйткені еліміздің батысында біздің негізгі активтеріміз, мұнай сервистік компанияларымыз, бірлескен кәсіпорындарымыз жұмыс істейді. Сол себепті алғашқы кездесуді Маңғыстау өңірінен бастап отырмыз. Болашақта осындай жиналыстарды өткізуді дәстүрге айналдырып, басқа да өңірлерде өткізетін боламыз» деді Б.Асқаров. 
Айтулы басқосуда «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ омбудсмені Бакыт Иманғалиев, Орталық аппараттың аға инженері Анаргуль Жақсиева, сонымен бірге, мұнай-газ өндіру компанияларының әлеуметтік жұмыс департаментінің директорлары жыл басынан бері атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, әлеуметтік бағыттағы проблемаларды талқылап, оларды шешу жолдары бірлесіп қарастырылды.
Бұдан бөлек, КИМЭП университетінің оқытушысы, психологиялық ғылымдардың докторы Ләйлә Ақылбекова сала мамандарына арнап тренинг өткізді.
Сонымен бірге, әлеуметтік салада ұзақ жылдардан бері табысты еңбек етіп келе жатқан мамандарға «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Бас директоры Қ.Есқазиевтің Алғыс хаты салтанатты түрде табысталды. 

Дата публикации:
30 октября 2017

Просмотры: 8278

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил