«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ басшылығының құттықтауы

0

ҚР Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай, мұнай өндіру кәсіпорындарына құттықтау сапары аясында Бас директор Қ.Есқазиев бастаған «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ басшылығы 2016 жылғы 1 қыркүйек күні Қаражанбас кен орнында болды.  

– Мұнай-газ кешені – ел экономикасының тірек-күші, саланың дамуына мұнайшылардың, соның ішінде, «Қаражанбас» Компаниялар тобы жұмыскерлерінің қосқан үлесі өлшеусіз. Биыл бәріміз қаржылық дағдарыс пен мұнай бағасының төмендеуіне байланысты қолайсыз жағдайда жұмыс жасадық. Бұл тек мұнай-газ саласы емес, сонымен бірге тұтас ел экономикасы үшін күрделі кезең болды. Дағдарыс «ҚМГ» БӨ» Компаниялар тобының беріктігі мен тұрақтылығын, сондай-ақ қытайлық әріптесіміз – СИТИК компаниясымен арадағы стратегиялық қарым-қатынасымызды да сынға салды. Қаржылық қиыншылықтарға қарамастан, «Қаражанбасмұнай» Компаниясы мен еншілес сервистік мекемелер сыннан сүрінбеді. Бұны, ең алдымен, жұмыскерлердің адал еңбегінің арқасы деп білемін», –деп атап өтті салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде Құрманғазы Есқазиев.

Сондай-ақ «ҚМГ»БӨ» Компаниясының басшысы еңбек озаттарына ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «KazEnergy» Қауымдастығы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ атынан салалық марапаттар (төсбелгілер, Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар) тапсырды. Мұнайшылар алдында танымал қазақстандық орындаушылар: Айгүл Қосанова, күйші Алмас Жарасқан өнер көрсетіп, Ақылбек Жеменей көпшілік назарына «ҚМГ» БӨ» АҚ бастамасымен жазылған «Мұнайшыларға алғыс» деп аталатын жаңа әнін ұсынды.

Поздравление руководства АО «РД КазМунайГаз»

В рамках поздравительной поездки по нефтедобывающим предприятиям в честь Дня работников нефтегазовой отрасли Республики Казахстан, 1 сентября 2016 года на месторождении Каражанбас побывало руководство АО «РД «КазМунайГаз» во главе с Генеральным директором Исказиевым К.О.

– Нефтегазовый комплекс является локомотивом экономики нашей страны и вклад нефтяников, в частности работников Группы компаний «Каражанбас», в развитие отрасли неоценимы. В этом году нам всем пришлось работать в непростых условиях финансового кризиса и низких цен на нефть. Это был серьезный период не только для нашей нефтегазовой отрасли, но и для всей экономики страны, который испытал на прочность и устойчивость нашу группу компаний РД КМГ, а также наши стратегические взаимоотношения с китайским партнером – компанией СИТИК. Несмотря на все трудности, Компания «Каражанбасмунай» и дочерние сервисные предприятия с честью вышли из положения. И это все благодаря добросовестному труду работников, – отметил в своем выступлении на торжественном собрании Курмангазы Исказиев.

Также Глава РД КМГ вручил особо отличившимся работникам ведомственные награды (нагрудные знаки, почетные грамоты, благодарственные письма) от имени Министерства энергетики РК, АО «Самрук-Казына», Ассоциации «KazEnergy», АО НК «КазМунайГаз» и АО «РД «КазМунайГаз». Перед зрителями выступили известные казахстанские исполнители: Айгуль Косанова, кюйши Алмас Жараскан, а также Акылбек Жеменей, который исполнил свою новую песню «Мұнайшыларға алғыс» («Благодарность нефтяникам»), созданную по инициативе РД КМГ.

Дата публикации:
0

Просмотры: 12944

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил