«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-нда еншілес және тәуелді компаниялардың есепті бас қосуы өтті

27января 2016

2016 жылғы 25 қаңтар күні «ҚБМ» АҚ, «АТС» ЖШС, «ТМС» ЖШС және «ТКжҰҚКБ» ЖШС басшылары «ҚазМұнайГаз» АҚ-ында барлық еншілес және тәуелді компаниялардың қатысуымен 2015 жылдың қорытындысы бойынша өткен есепті мәжіліске қатысты. 

Мұнай өндіруші компаниялардың жетекшілері 2015 жылдың қаржы-шаруашылық есебін баяндап, өндірістік процесс барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.

Өз сөзінде «ҚМГ» БӨ» АҚ Бас директоры Қ.О.Есқазиев өткен жылы мұнайдың бағасы күрт төмендеп, соның салдарынан «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Қаражанбасмұнай» АҚ  өзіндік өндіру бағамының жоғарылығына байланысты жылды біршама шығынмен аяқтағанын айтты. Барлық Компаниялар тобының экономикасына әсерін тигізетін болғандықтан, «ҚМГ» БӨ» АҚ сияқты еліміздің бюджетіне елеулі үлес қосып отырған компания үшін нарықтағы баға мәселесі қатерлі. Сондықтан, 2016 жыл – мұнай бағасының төмендеуі тоқтамауына байланысты, өткен жылмен салыстырғанда, біршама күрделі болмақ. Дегенмен, бұған қарамастан, ҚМГ БӨ Компаниялар тобы жұмыс орындары мен жұмысшылардың жалақысын қысқартпайтын болады.

Қ.О.Есқазиев «ҚазМұнайГаз» АҚ Кадр Комитетінің төмендегі шешімдерін де жария етті:

- 2016 жылға жалақыны 7% мөлшерде индексациялауды жүргізу, қазір есебі жүргізіліп жатыр;
- Үздіксіз өндіріске жатпаса, мамандық/лауазымдардың жұмыс уақытын ҚР Еңбек Кодексіне сәйкестендіру қажеттілігі. Яғни, 1 сағаттық түскі үзіліспен 11 сағаттық жұмыс күніне көшу. Бұндай жұмыс уақыты «Ембімұнайгаз» АҚ-нда жүргізілді, онда жұмыс күні 11,5 сағаттан 11 сағатқа дейін қысқартылды. Бұл басқа компанияларда да жүргізілетін болады.
- Барлық компанияларда 1 жылдық есепті кезеңді бекіту, яғни, ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес, жұмыс уақытының жинақталған есебі шеңберінде есепті кезеңді ұлғайту.

Бұл бағыттағы жұмыстар ҚМГ БӨ тобының барлық компанияларында жүзеге асырылады.

 В АО «РД «КазМунайГаз» прошло отчетное совещание ДЗО

25 января 2016 года руководители АО «КБМ», ТОО «АТС», ТОО «ТМС» и ТОО «УТТиОС» приняли участие в отчетном совещании по итогам 2015 года, проведенном в АО «РД «КазМунайГаз» с участием всех дочерних и зависимых организаций.

Руководители нефтедобывающих компаний выступили с докладами об итогах финансово-хозяйственной деятельности за 2015 год, а также обсудили проблемные вопросы, возникающие в процессе производственной деятельности.

В своем выступлении Генеральный директор РД КМГ Исказиев К.О. озвучил, что уходящий год ознаменовался резким падением цен на нефть, в результате чего, АО «Озенмунайгаз» и АО «Каражанбасмунай» ввиду высокой себестоимости добычи, завершили год со значительными убытками. Для РД КМГ, который вносит значительный вклад в бюджет РК, ситуация с ценами на рынке критична, поскольку негативно влияет на экономику всей группы компаний.  И предстоящий 2016 год, на фоне продолжающегося падения цен на нефть, ожидается намного сложным, чем прошедший год. Однако, несмотря на это, РД КМГ не планирует сокращения рабочих мест и заработных плат работников по группе компаний. 

 Им также были озвучены решения Кадрового Комитета АО НК «КазМунайГаз»:

- о проведении индексации заработных плат на 2016 год в размере 7%, расчеты уже проводятся.
- о необходимости приведения режима рабочего времени профессий/должностей в соответствие с трудовым законодательством РК, если они не относятся к непрерывному производству, т.е. переходу на 11-часовой рабочий день с обеденным перерывом на 1 час. Такая работа уже проведена в АО «Эмбамунайгаз», где рабочий день снижен с 11,5 часов до 11-ти часов. Аналогичная работа будет проводиться в остальных Компаниях.
- об установлении во всех Компаниях учетного периода 1 год, т.е. увеличении учетного периода в рамках суммированного учета рабочего времени, в соответствие с новым Трудовым кодексом РК.

Работа по этим направлениям будет проводиться по всем Компаниям группы РД КМГ. 

 

Дата публикации:
27 января 2016

Просмотры: 14923

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил