«Қаражанбасмұнай» АҚ ұйымдастыруымен компанияда бұрын еңбек еткен зейнеткерлермен көрісу мерекесі

0

Бүгін, 15.03.2019 ж. күні «Қаражанбасмұнай» АҚ ұйымдастыруымен компанияда бұрын еңбек еткен зейнеткерлермен көрісу өтті. Амал мерекесіне орайластырылған шараға екі жүзге жуық зейнеткер мұнайшы қатысып, ақжарма тілектерін білдірді.
Жиналған алқалы қауымды компанияның Президенті Ли Тецян, Бірінші Вице-президент Сүйіндік Алдашев, «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Айтбай Кужухов, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС Бірінші Вице-президенті Таңатар Жайман, «АрғымақТрансСервис» ЖШС Бірінші Вице-президенті Шаттық Құлшықов, «ТКжҰҚКБ» ЖШС директоры Қалбай Ізмұханов құттықтады.
Мерекелік басқосуда зейнеткерлерге компания дайындаған әсем әндер мен күйлер тартылып, кештің сәні әрлене түсті.
Сонымен бірге, ұзақ жылдар бойы «Қаражанбасмұнай» АҚ еңбек еткен қауым ізгі лебізін айтып, ыстық ықыластарын жеткізді. 

Дата публикации:
0

Просмотры: 9044

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил