«Қаражанбасмұнай» АҚ өндірісінде еңбек ететін бір топ мұнайшы Астанадағы көрмені тамашалап қайтты

13июля 2017

Маусым айында Астанада басталған бүкіл әлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесі қыркүйекке дейін жалғасады. Көрмеге қатысушы жүзден астам мемлекеттің павилиондарындағы түрлі жобалармен күн сайын мыңдаған адам таныс болуда. 
Аса маңызды шараны тамашалауға барған маңғыстаулықтардың арасында мұнайшылар қатары өте көп. Жақында ғана «Қаражанбасмұнай» АҚ өндірісінде еңбек ететін бір топ мұнайшы Астанадағы көрмені тамашалап қайтты. Екі күн бойы елордадағы халықаралық шараға куә болып, түрлі инновациялық жобалармен танысты. Алда қаражанбастық мұнайшылардың тағы үш легі «ЭКСПО-2017» көрмесіне барады деп күтілуде.

 

Дата публикации:
13 июля 2017

Просмотры: 11934

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил