«Қаражанбасмұнай» АҚ жаңа басшы тағайындалды

0

12 желтоқсанда Ақтау қаласында «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының орынбасары Бекзат Абайылданов «Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

ҚР «Акционерлік қоғам туралы»» заңы және «Қаражанбасмұнай» АҚ қаулысы бойынша желтоқсанның 5 күні Қытай Халық Республикасының Гонконг қаласында өткен Директорлар кеңесінің отырысында компанияның президенті мен бірінші Вице-президентін ауыстыру туралы шешім қабылданған болатын. 

Осыған орай Бекзат Абайылданов «Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымына бұған дейін компанияның бірінші Вице-президенті лауазымын атқарған Ли Тецянның президент болып тағайындалғандығын мәлімдеді. Сонымен бірге, «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті Сүйіндік Алдашев бұдан әрі бірінші Вице-президент лауазымын атқаратын болды. 

Өз кезегінде Бекзат Қалышбекұлы жаңа тағайындауға орай басшылық құрамды құттықтап, алда тұрған міндеттердi табысты атқаратындықтарына сенім білдірді.

 

Дата публикации:
0

Просмотры: 8111

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил