«Қаражанбасмұнай» АҚ бас геологы ауысты

11июня 2018

Бүгін «Қаражанбасмұнай» АҚ-да кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Бұған дейін Компанияның геология саласын басқарған Гүлзира Сатанова «Қазгермұнай» БК» ЖШС-на ауысуына байланысты бас геолог лауазымынан босатылды. Оның орнына «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының геология және игеру жөніндегі орынбасары Шолпан Пангереева тағайындалды. Шолпан Серікбайқызын ұжымға таныстырған «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ өндіріс және кен орнын игеру жөніндегі басқарушы директоры Қуанышбай Нұрғалиев алдағы еңбегіне жеміс тіледі. Сонымен бірге, ұзақ жылдар бойы «Қаражанбасмұнай» АҚ геология саласына жетекшілік еткен Гүлзира Сатановаға алғыс білдіріп, компанияға сіңірген еңбегі үшін Алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады. 

Өз кезегінде «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті Ли Тецян, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС Президенті Менг Цинган, «ТКжҰҚКБ» ЖШС бас директоры Қалбай Ізмұханов, «Қаражанбасмұнай» АҚ өндірістік басқарма директорының орынбасары Кәрім Бозахаров ақжарма тілектерін білдіріп, естелік сыйлықтарды ұсынды. 

Дата публикации:
11 июня 2018

Просмотры: 8819

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил