«Қаражанбасмұнай» АҚ атынан қатыстан әріптестеріміз түрлі аталымдар бойынша жүлделі орындарға ие болды

0

«Еңбек жолы» сайысының Маңғыстау облыстық іріктеу кезеңінде «Қаражанбасмұнай» АҚ атынан қатыстан әріптестеріміз түрлі аталымдар бойынша жүлделі орындарға ие болды. Комиссия шешімінің нәтижесінде «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымында Шыныбек Қиянов бірінші орынға ие болса, «Үздік еңбек әулеті» аталымында Жаңабай Бекбосынов екінші орынды қанжығасына байлады.
Шыныбек Қиянов – бу өндіру цехының участке басшысы. 23 жылдан бері «Қаражанбасмұнай» АҚ еңбек ететін ол жастарды өндіріс жұмысына баулуда толағай табыстарға жетіп келеді. Жаңабай Бекбосынов – 27 жылдан бері мұнай-газ саласында еңбек ететін. Бүгінде №2 мұнай өндіру цехында жұмыс істейді. Оның әулетінде әке жолын ұлы Жансерік Бітімбаев жалғастыруда. Алда «Еңбек жолы» сайысының республикалық кезеңі өтеді. Онда облыстық іріктеуде топ жарған Шыныбек Қиянов бақ сынайды. Әріптестерімізді еңбек ұжымы атынан құттықтай отырып, алдағы сында сәттілік тілейміз! 

Дата публикации:
0

Просмотры: 5103

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил