«ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ-ына ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

0

     2016 жылғы 18 сәуір күні «ҚазМұнайГаз» БӨ»АҚ Бас директоры Қ.Есқазиев «Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Компанияның Президенті болып бұған дейін «Торғай Петролеум»АҚ Бас директоры лауазымын атқарған Қайыржан Есен Қайыржанұлы тағайындалды.

     Компанияның бұрынғы басшысы Д.Хасанов «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директоры – «ҚазМұнайГаз» БӨ»АҚ Бас директорының орынбасары қызметіне бекітілді. 
Кездесу барысында Қ.Есқазиев атқарған жұмысы үшін Д.Хасановқа алғыс білдіріп, Компанияның жаңа басшысының алдында тұрған жаңа міндеттерді айқындады. Сондай-ақ бас қосуға Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Алдашев, облыстық мәслихат хатшысы Б.Жүсіпов қатысты. 

     Қайыржан Есен Қайыржанұлы 1962 жылы туған. 1985 жылы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша, 2000 жылы В.Горячкин атындағы Мәскеу мемлекеттік агроинженерлік университетін «Кәсіпорындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша, 2012 жылы Ресей Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын «МВА: Менеджмент – Халықаралық бизнес» мамандығы бойынша бітірген. 

     1985 жылдан «Мангышлакнефть» бірлестігінің «Жетыбайнефть» МГӨБ жөндеуші-слесарь, инженер, аға инженер; 1992 жылдан – Маңғышлақ мұнара монтаждау басқармасында прораб; 1994 жылдан – «Южнефтегаз» АҚ өндірістік қызмет көрсету базасы бастығының орынбасары (Қызылорда қ.); 1995 жылдан–«Құмкөл-ЛУКойл» АҚ Бас директорының орынбасары; 2002 жылы «Торғай Петролеум» АҚ бас директорының орынбасары, 2009 жылдан – Бас директоры.

НАЗНАЧЕН НОВЫЙ ПРЕЗИДЕНТ АО «КАРАЖАНБАСМУНАЙ»

     18 апреля 2016 года Генеральный директор АО «РД «КазМунайГаз» К.Исказиев представил коллективу нового Президента АО «Каражанбасмунай». Им стал Кайыржан Есен Кайыржанович – до этого работавший генеральным директором АО «Тургай Петролеум». Бывший Президент Компании Д.Хасанов назначен Генеральным директором АО «Озенмунайгаз» – Заместителем Генерального директора АО «РД «КазМунайГаз».

     В ходе встречи К.Исказиев поблагодарил Д.Хасанова за проделанную работу и обозначил новые задачи перед новым руководителем Компании. Также на совещании присутствовали Первый заместитель Акима Мангистауской области С.Алдашев, секретарь областного маслихата Б.Жусипов. 

     Кайржан Есен Кайржанович родился в 1962 году, в 1985-м окончил Казахский политехнический институт по специальности «Машины и оборудование нефтяных и газовых промыслов», в 2000-м – Московский государственный агроинженерный университет имени В. П. Горячкина по специальности «Экономика и управление на предприятии», 2012-м – Академию народного хозяйства при Правительстве РФ по специальности «МВА: Менеджмент – Международный бизнес».

     С 1985 года – слесарь-ремонтник, инженер, старший инженер НГДУ «Жетыбайнефть» объединения «Мангышлакнефть»; с 1992-го – прораб вышкостроения в Мангышлакском вышкомонтажном управлении; с 1994-го – заместитель начальника базы производственного обслуживания АО «Южнефтегаз» (г. Кызылорда); с 1995-го – заместитель Генерального директора АО «Кумколь-ЛУКойл»; с 2002-го заместитель Генерального директора, а с 2009-го – Генеральный директор АО «Тургай Петролеум». 

 

Дата публикации:
0

Просмотры: 13614

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил