«Қаражанбасмұнай» АҚ-да Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толуына орай Қоғам басшылығы компанияда қызмет ететін майдангерлерге құрмет көрсетті

0

Бүгін «Қаражанбасмұнай» АҚ-да Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толуына орай Қоғам басшылығы компанияда қызмет ететін майдангерлерге құрмет көрсетті. Алқалы басқосуда «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті Ли Тецян, «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Айтбай Кужухов, «Мұнайгаз кешені жұмыскерлерінің салалық кәсіби одағы» ҚБ төрағасы Сұлтан Қалиев қатысып, құттықтады.

Сонымен бірге салтанатты жағдайда «Қаражанбасмұнай» АҚ, «АрғымақТрансСервис» ЖШС, «ТКжҰҚКБ» ЖШС еңбек ететін жиырма жұмысшыға басшылық атынан Алғыс хаттармен естелік сыйлықтар табыс етілді. Шара барысында марапатталғандар арасынан Өндірістік басқарма директорының орынбасары Нұркен Қаражанов сөз алып, алғысын білдіріп, кешегі майдан даласы туралы аз-кем естеліктерімен бөлісті. 

Дата публикации:
0

Просмотры: 6741

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил