«Қаражанбас кен орнында марапаттау рәсімі өтті»

28декабря 2017

«Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы ҚР Тәуелсіздік мерекесі күнінде мәдени-мерекелік шараларды өткізу барысында белсене көмек көрсеткені үшін Құрылыс-жөндеу цехының ұжымына алғыс білдірді. Мерекеге байланысты өткен концерттік бағдарламаға орай сахна безендіру барысында цех безендіру жұмыстарын жедел ұйымдастырған болатын. Осыған орай, «Қаражанбасмұнай» АҚ Өндіріс жөніндегі Вице-президенті Нұржан Әбдірахманов Қаражанбас кен орнында ат салысқан жандарға басшылық атынан марапаттарды табыстады. Сондай-ақ, Н.Әбдірахманов пен Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары Кәрім Бозахаров ҚР Тәуелсіздік күні мерекесінде «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ мен «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығының Алғыс хатына ие болған жұмысшыларға марапаттарын табыс етті. 

Дата публикации:
28 декабря 2017

Просмотры: 8034

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил