«Қаражанбас» компаниялар тобының қызметкерлері Көгез туристік этноауылында болды

0

«Қаражанбас» компаниялар тобының қызметкерлері Көгез туристік этноауылында болды

ҚР Мұнай-газ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай қаражанбастықтар Маңғыстау ауданындағы Көгез жерінде жаңадан ашылған этноауылда мәдени шараға қатысты.
Аталған шараға ҚБМ компаниялар тобының орталық аппаратының қызметкерлері қатысты (ҚБМ, АТС, ТМС, ТТжҰҚКБ).
Бұл басқосуға компания басшылығы арнайы барып, көпшілікті төл мерекемен құттықтады. «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті міндетін атқарушы
 Бауыржан Баймулдинов, бірінші Вице-президент Ли Тецян, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС бірінші Вице-президенті Менг Цинган құттықтап, жүрекжарды лебіздерін жеткізді. 
Қазақ ауылының боямасыз бейнесін айшықтайтын кешенде компания қызметкерлерін қазақы дастарханмен күтіп алып, құрмет көрсетілді Этно ауылдағы сауықта қаражанбастықтар асық ату, арқан тарту, ләңгі тебу, күштесу секілді ойындарға белсенді қатысып, өзара мықтыны анықтады. Одан бөлек, атқа мініп, табиғат аясында серуен құрды.
Әлеуметтік жұмыс департаментінің ұйымдастыруымен этноауылда демалыс үшін барлық жағдай қарастырылып, театрландырылған көріністер ұсынылды. Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының әртістері, «Жорға» би ансамблі қаражанбастықтарды әсем ән мен билерімен тәнті етіп, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері қыз ұзату, беташар, тұсаукесер секілді ұлттың болмысын көрсететін жоралғылар көпшілік ұсынды.
Бір күнге созылған демалыс Шерқалаға жасалған сапармен тәмамдалып, қазақ этноауылы компания қызметкерлеріне ерекше әсер сыйлады. 

Дата публикации:
0

Просмотры: 8437

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил