«Қаражанбас» кен орнында компанияның Әлеуметтік жұмыс департаментінің ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті

21июля 2017

20 шілде күні «Қаражанбас» кен орнында компанияның Әлеуметтік жұмыс департаментінің ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті. Шара барысында мұнайшылардың балалары өндіріспен танысып, ата-аналары жұмыс істейтін цехтарға барды.
Ашық есік күні аясында 8-11 сыныптарда оқитын 24 оқушы кен орнындағы төрт цехтың жұмысын тікелей тамашалады. Оларды «Қаражанбасмұнай» АҚ Өндіріс жөніндегі директоры Оңғарбай Қабылов қабылдап, кен орны туралы қысқаша таныстырып өтті. Сонымен бірге, Мұнай өндіру цехының басшысы Ғабит Сәдуақасов, Бу өндіру цехының учаске бастығы Махмұт Ілиясов, Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің бастығы Мұрат Баймудинов Мұнай дайындау және айдау цехы басшысының орынбасары Құрманғали Сатыбалдиев пен осы цехтың жетекші инженері Асхат Қаршыға сынды мұнай саласының мамандары экскурсия барысында ішкі жұмыстарды толық көрсетті. 
Бұдан бөлек, оқушылар мұнайшылар қалашығында болып, кітапхана, музей, клуб, спорт залымен де танысты. Қалашықтағы «Береке» асханасында мұнайшылардың ас мәзірінен дәм татты.

 

Дата публикации:
21 июля 2017

Просмотры: 12258

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил