«Еңбек Жолы» конкурсына қатысып, жүлделі орындарға ие болған өндірісте еңбек ететін жұмысшылар марапатталды

13октября 2017

«Еңбек Жолы» конкурсына қатысып, жүлделі орындарға ие болған өндірісте еңбек ететін жұмысшылар марапатталды. Жастарды еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу, дәстүрлерін сақтау және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік беретін конкурстың жеңімпаздарын Маңғыстау облыстық Еңбек басқармасының басшысы Алигер Инкаров құттықтап, дипломдарды табыс етті. Сонымен қатар, облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Қайрат Жаңабеков арнайы алғыс хаттар тапсырды. 
Бұл конкурсқа «Қаражанбасмұнай» АҚ атынан екі әріптесіміз қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде Арарат Тілекбаев «Үздік тәлімгер» номинациясы бойынша аймақтық кезеңнің жеңімпазы атанса, Нағым Ізтұрғанов «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша үшінші орынға тұрақтады. Марапаттау барысында «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті міндетін атқарушы Бауыржан Баймулдинов қос қызметкерді компания басшылығы атынан Алғыс хаттармен марапаттады. 

Дата публикации:
13 октября 2017

Просмотры: 9553

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил