«Дарабоз» жеңімпазы анықталды

21февраля 2018

Қаражанбас кен орнындағы Мәдени-демалыс орталығында әлеуметтік сала қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Дарабоз» тарихи-танымдық ойыны өз жеңімпазын анықтады. Мұнда ҚБМ компаниялар тобынан қатысқан үш команда өзара сайысқа түскен болатын.

«Қаражанбасмұнай» АҚ «Қамыран» (Думан Ахметов, Айдын Қожаш, Қайрат Шарапатов), «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС «Тұлпар» (Ақылбек Имашев, Дәурен Мырзабеков, Саясат Ғабдиев) «АрғымақТрансСервис» ЖШС «Тайбурыл» (Арнұр Аманқосов, Жарқынбай Адисов, Самат Айтымов) командалары үш кезеңде түрлі сауалдар жауап беріп, қазақ тарихы, өңір шежіресі туралы сұрақтарға жауап берді. Сайыскерлерге үш мекеменің өкілдерінен құралған қазылар алқасы төрелік етті. Сонымен бірге, Рақымжан Бектілеуов жиылған көпшілікке күйден тарту жасады. 

Тартысты өткен сайыс қортындысы бойынша «Тайбурыл» командасы (АТС) өз қарсыластарынан басым саты биік тұрды. Қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлықтар мен сауда үйлерінен тауар алуға арналған сертификаттар табыс етілді. 

  

Дата публикации:
21 февраля 2018

Просмотры: 8162

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил