"ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ" АҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

20апреля 2017

Өңірде "Наурыз мерейі" қайырымдылық акциясы жалғасын табуда. Бұл игі шараға компания да өз үлесін қосып, қаладағы қарттар үйіне барып қайырымдылық шара өткізді. Ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарды әлеуметтік жұмыс бойынша департаменті директорының міндетін атқарушы Рысжанова Гүлмира мен "Қаражанбасмұнай" АҚ жұмысшылар кәсіподағының төрағасы Серікбаев Батырғали құттықтап, оларға зор денсаулық, қажымас қайрат тілей отырып, естелік сыйлықтар табыс етті. Шара кезінде ұйымдастырылған концерттік бағдарлама, молынан жайылған дастархан мен бағалы сыйлықтар ақсақалдардың көңілінен шықты. 

Өңірімізге белгілі әншілер ақсақалдарға арнап әннен шашу шашты. Қазақтың халық әндері мен термелері ата-әжелердің көңілдерін бір серпітіп, жастардың жалынды әндері керемет көңіл-күй сыйлады. Қариялар ортаға шығып би билеп бір марқайып қалды. Ақсақалдар қоғамның басшылығына алғыстарын айтып, баталарын берді. 

Дата публикации:
20 апреля 2017

Просмотры: 2194

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил