Кәсіподақ

«Қаражанбасмұнай» АҚ кәсіподақ ұйымы (1986 жылға дейін «Қаражанбастермнефть» тәжірибелік-эксперименталдық мұнай-газ өндіру басқармасы) 1980 жылы құрылған. 2021 жылғы көрсеткіш бойынша кәсіподақ құрамы 1803 жұмысшыны құрайды.

«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» жаңа Заңына сәйкес 2015 жылдың мамыр айында қайта тіркеуден өтіп, «мұнай-газ кешені жұмысшыларының салалық кәсіптік одағы» ҚБ құрамына мүшелік ұйым ретінде кірді.

Кәсіподақ төрағасы: Айтбай Төлегенұлы Кужухов (2018 жылы сайланды).

«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ жыл сайын санаторлық-курорттық емделуге жолдама береді, дәрі-дәрмек шығынын өтеуге, жерлеуге, баланың тууына және қызметкердің неке қиюына, сондай-ақ, мүгедек балаларға, кәсіподақ мүшелерінің мерейтойына (50,55,60 жас) материалдық көмек көрсетеді. «Наурыз» мерекесіне кәсіподақтың барлық мүшесіне сыйлық, 8 наурызда қыз-келіншектерге сыйлық сертификаттары беріледі. Сонымен қатар, «Мұнайшылар күні», «Наурыз» мерекелеріне ақшалай қаражат бөлінеді. Кәсіподақтар күніне орай цехтер арасында спорттың бірнеше түрі бойынша спартакиада ұйымдастырылады. «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның атынан турнирге қатысатын футбол және волейбол командаларына демеушілік етеді.

Тоқсан сайын әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша кәсіподақ пен жұмыс берушінің кездесулері өткізіледі, цехтер мен бөлімдердің құрамы мен құрылымы қарастырылады.

2018 жылы «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ «Үздік ұжымдық шарт» номинациясының жеңімпазы атанды.

2019 жылғы «Жастар жылында» «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларға тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлді. Кәсіподақ бастамасы бойынша бұл бағдарламаға көп балалы қызметкерлер мен жалғыз басты аналар енгізілді. Барлығы 104 қызметкер «Қазақстанның Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі» АҚ арқылы 5% - дық мөлшермен тұрғын үй сатып алды. 

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил