Жастар саясаты (Жас мамандар кеңесі)

Компания қызметкерлерінің шамамен 25%-ын жастар құрайды, бұл «Қаражанбасмұнай» АҚ-дағы жастар саясатының тиімділігінің айғағы, оған қоса бұл Персоналды басқару жөніндегі стратегиялық бағдарламаға сәйкес келеді.

Компанияда 8 жылдан бері жас мамандар кеңесі жұмыс істейді. Олар Компания дамуындағы өндірістік міндеттерді орындап қана қоймай, сонымен бірге қоғамдық өмірге белсенді араласатын маңызды буын болып табылады.

 «Қаражанбасмұнай» АҚ Жас мамандар кеңесі жастарды компанияның қызметіне, оның ішінде компанияның өндірістік және стратегиялық міндеттерін шешуге белсенді қатысуға шабыттандырады. Жас жұмысшылардың кәсіби өсуіне, корпоративтік құндылықтарды қалыптастыруға жағдай жасауға,  Қоғамның стратегиясы мен мақсаттарына сәйкес ғылымдағы, технологиядағы және өндірісті басқарудағы олардың шығармашылық әлеуетін ашу және дамытуға күш салады.

 

 

 

Персоналды басқару бағдарламасын іске асыру бойынша «Қаражанбасмұнай» АҚ кен орнына қажетті мамандықтар бойынша тәжірибеге бағытталған оқыту жобасын іске қосты. Осы орайда ҚБМ мен Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті арасында меморандумға қол қойылды.

Мұнай өндіру компаниясында тәжірибеден өткізу жобасы пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Оған колледжінің үшінші, университеттің 3-4 курс студенттері тартылған. Болашақ түлектер үшін теория мен тәжірибенің тең болуы жоғары біліктілік пен жұмысқа орналасуға кепілдік береді. Ал ҚБМ үшін бұл дайын маман табу, сонымен қатар болашақ кадрлардың өндіріске дайындық деңгейін тексеруге үлкен мүмкіндік.

 

ҚБМ тәжірибе негізін қалау арқылы жас мамандардың болашаққа сенімді қадам басуына жағдай жасап отыр.

Жарияланған күні: 6 сәуір 2021

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил