Қоршаған ортаны қорғау

«Қаражанбасмұнай» АҚ қоршаған ортаны қорғау үшін қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінеді.Сондай-ақ экологиялық мәселелерге әрдайым ерекше назар аударады. Компания объектілеріндегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша үнемі шаралар қабылдайды. Соңғы 22 жылда, 1998 жылдан бастап экологиялық проблемаларды шешуде, соның ішінде бұрыннан бар және жаңадан қалыптасқан мұнай ластануын жоюда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.

Жыл сайын қоршаған ортаны қорғауға және қалпына келтіруге, жұмыс істейтін жабдықтардан атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын азайтуға, Қаражанбас кен орны аумағындағы өсімдіктер мен жануарларды, сондай-ақ Каспий теңізін қорғауға бағытталған экологиялық шаралар әзірленіп, жүзеге асырылды.

Қазіргі заманғы техникалық талаптарға сай заманауи қондырғылар салынып, кен орнындағы қолданыстағы 8 топтық қондырғы кеңейтілді. Жаңартылған мұнай құбырлары мен су айдайтын қондырғылар салынды, жаңа бу шығару және ұңғымалар алаңдары іске қосылды. Оған қоса далалық жолдар қолданыстағы заңнаманың барлық талаптарына сәйкес қайта өңделген өндіріс қалдықтарын қолдана отырып жөнделді.

Мұнай өндіру ұңғымаларының сағалық жабдықтары жаңартылды, мұнай өндірудің және ілеспе газды кәдеге жаратудың жаңа технологиясы енгізілді. Осылайша атмосфераға зиянды заттардың шығарылуы азаяды. Мұның бәрі экологиялық ахуалды жақсартуға және сол арқылы қоршаған ортаға техногендік жүктемені азайтуға, аумағымыздың фаунасы мен флорасын жақсартуға және адамдарға зиянды факторлардың әсерін азайтуға мүмкіндік берді.

Қоршаған ортаны қорғау департаменті және оның кен орнындағы қызметі атмосфералық ауаның, жер жамылғысының, су бассейнінің, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жай-күйін, сондай-ақ Компания объектілерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық өндірістік процестерді үнемі қадағалап отырады.

   


   

   

   

 

   

   

 

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил