Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

«ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ-тың ЕҢБЕКТІ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ.

«ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ - ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДЫ БАСТЫ МАҚСАТ ЕТІП, ОЛАРДЫ ҚАУІПСІЗ ЖҰМЫС ЖАҒДАЙЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. 

«Қаражанбасмұнай» АҚ - мұнай өндіруші компаниялардың көш басшыларының бірі – жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын қорғаудағы, оларға қауіпсіз жұмыс жағдайын жасаудағы өз жауапкершілігін сезіне отырып,

«Қаражанбасмұнай» АҚ мақсаты:

-   Қаражанбас кен орнын пайдалану кезінде еңбекті, қоршаған ортаны мен денсаулықты корғау саласындағы ҚР заңнамалар талаптарының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің, ұжымдық келісім-шарттың толықтай орындалуына қол жеткізу;

-   қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарына сай келетін жабдықтарды, құрылғыларды, құралдарды пайдалана отырып, жұмыс барысында жұмысшылардың қауіпсіздігін, өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;

-   ластанудың алдын алып қоршаған ортаны қорғау;

-   су ресурстарын  тиімді пайдалану және оның ластануын болдырмауды қамтамасыз ету;

-   аурудың бастапқы белгілерін уақытында анықтап және оның таралуының алдын алу;

-   өндірістік жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың, өндірістегі кәсіби аурулардың алдын алып, жұмыс орындарындағы қауіптілік пен тәуекелділіктің алдын-ала анықтау;

«Қаражанбасмұнай» АҚ-да қауіпті жұмысты орындауға жол берілмейді. «Қауіпсіздік пен еңбекті, экологияны қорғау талаптарын толық орындауға қол жеткізу» - әр адамның міндеті.

Мақсаттарға қол жеткізу жолдары:

· технологиялық жабдықтардың қауіпсіз және апатсыз жұмысын қамтамасыз ету арқылы Қаражанбасмұнай АҚ өндірістік нысандарында өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін көтеру;

· жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіпті және зиянды өндірістік факторларды, сонымен бірге зиян келтіру мүмкіндігін төмендетуге байланысты тәуекелділікті қамтамасыз ету;

· «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары және мердігер мекемелер жұмысшылары тарапынан еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын ішкі өндірістік бақылаудың тиімділігін күшейту;

· «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жеке және ұжымдық жауапкершіліктерін дамыту және ынталандыру;

· «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлерін жұмысты қауіпсіз жүргізуге тұрақты оқыту жүйелерін енгізу;

· Тұрақты бәсекелестік басымдылықтың бір құрамы ретінде қарастыра отырып, еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесінің қалыптасуын үздіксіз жетілдіру.

Қаражанбасмұнай АҚ басшылығы міндеттенеді:

· Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы ҚР заңнамаларының талаптарын, оған қоса халықаралық стандарттарды және «Қаражанбасмұнай» АҚ қабылдаған стандарттарды сақтауды қамтамасыз ету;

· Еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғауды басқарудың жетілдірілген, өңделген әдістері мен технологияларын енгізу;

· Жұмысшыларды компанияның еңбекті қорғауды басқару жүйесінің дамуына белсенді ат салысуға тарту, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтаудағы жұмысшылардың жеке және ұжымдық жетістіктерін марапаттау мен оларды ынталандыру әдістерін қолдану арқылы «Қаражанбасмұнай» АҚ тың әрбір жұмысшысы өз қауіпсіздігімен қатар өзін қоршаған адамдардың қауіпсіздігі үшін де жауапкершілігін сезінетіндей жағдай жасау;

· Жұмысшылардың еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білім деңгейі мен кәсіби біліктілігін арттыру;

· Өндірістегі еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау;

· Өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауру көрсеткіштерін тұрақты түрде төмендету;

· «Қаражанбасмұнай» АҚ нысандарында жұмыс жасайтын мердігерлерден «Қаражанбасмұнай» АҚ-да бекітілген қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша нормалары мен стандарттарын қатаң сақтауды талап ету.

«Қандай да болмасын жазатайым оқиғаның алдын алуға болады.» «Қаражанбасмұнай» АҚ-да қызмет жасауға келген әрбір жұмысшы, өзінің үйіне аман-есен жететініне сенімді болуы тиіс. «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы қауіпсіздік және еңбекті қорғау, экология және денсаулықты сақтау саласындағы алға қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған осы саясаттың жүзеге асырылуын толықтай өз жауапкершілігіне алады.

"Қаражанбасмұнай"АҚ Басқармасы 

 

 

 

Жарияланған күні: 22 қыркүйек 2021

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил