Cтратегия

«Қаражанбасмұнай» АҚ өз миссияларын жүзеге асырып, мақсатқа жету үшін келесі стратегиялық бағыттарды ұстанады: 

1. Ағымдағы қорлардың мұнай өндіру коэффициентін арттыру

Мұнай өндіру көлемі арттыру аясында Компания бу айдауды дамыту тұжырымдамасын мақұлдады. Бұл бу-термиялық әдіспен игеру тиімділігін арттыруға және осы аймақтағы өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Пилоттық аймақ кен орнының батысы мен солтүстігінде ауыспалы бу мен су айдау арқылы кеңейеді. Жұмыс процесі оң нәтиже көрсетіп, Шығыс учаскесінің 1-ші, орталық учаскенің 2-ші объектінде ұңғы торы тығыздалуда.

"Қаражанбасмұнай" АҚ бір мезгілде буды бөлек айдаудың жаңа технологиясын енгізе отырып, ұңғымалардың бір ұяшығынан өндірілетін мұнай көлемін тәулігіне 4,5-7 тоннаға арттырды. Бұл әдіс Қаражанбас кен орнының тарихында бірінші рет қолданылған еді. Бұл бір уақытта ұяшықтың жоғарғы және төменгі эксплуатацияланған горизонттарына әсер ету аймағын көбейтуге мүмкіндік береді.

Егер бұрын бір ұяшыққа 33 тонна мұнай өндірілсе, қазір өндіріс көлемі 38-40 тоннаны құрайды. Болашақта ұяшықтар санын 25 бірлікке дейін көбейту жоспарланып отыр.

Оған қоса кен орнында қабат суын тұшытатын зауыт құрылысы жүріп жатыр. Бұл зауыт бу өндіру және оны резервуарға айдау үшін технологиялық су ретінде пайдаланылатын қабат суын тұшытады. Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 тамыздағы хаттамалық шешіміне сәйкес басталды.

2. Ресурстық базаны арттыру

Компания ресурстық базаны арттыру мақсатында екі бағытта жұмыс жүргізіп жатыр:

• Кен орнының Орталық аймағында жаңадан табылған ортаңғы юра су қоймасын қосымша барлау, осы мақсатта 2021 жылы жаңа ұңғымалар бұрғылау жоспарланған.

• Кен орнындағы теңіз аймағын қосымша барлау, оның шеңберінде 2021 жылы үш бағалау ұңғымасын бұрғылау жоспарланған.

3. Өндірістік шығындарды оңтайландыру

Компания шығындарын оңтайландыру бағдарламасын дайындау жұмыстары басталды. Бағдарлама аясында жаңа технологиялар іздестіріліп, пилоттық тестілеу, пайдалану шығындарын азайту жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, материалды тұтыну мөлшерлемесін төмендету, өндірістік және өндірістік емес қызметтерді оңтайландыру, еңбек өнімділігін арттыру, сапа, ұңғымаларда жұмыс жасайтындардың санын азайту, ұңғымалардан жедел ақпарат жинауды автоматтандыру, жеткізушілерімен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау және т.б.

Бағдарлама 2021 - 2025 жылдар аралығын қамтиды, демек, бұл Компанияның экономикалық жағдайына ұзақ мерзімді әсер етеді. Компанияның шығындарын оңтайландыру бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізілетін болады.

4. Цифрлы кен орны

Компания автоматтандыру жабдықтарын, өлшеу құралдары паркін жаңарту және технологиялық қондырғылардан ақпарат жинау жүйелерін енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

5. Интеграция

Интеграция  қоғам жоспарындағы ең  маңызды міндеттердің бірі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК мен CITIC Resources Holdings Limited акционерлері арасындағы  келісімге сәйкес «ТКҰҚКБ» мен «Caspi Bitum» ЖШС–ін «Қаражанбасмұнай» компаниялар тобына кіргізіп, «Арғымақ Транс Сервис» , «Тұлпар Мұнай Сервис» және «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» қызметкерлерін «Қаражанбасмұнай» АҚ штатына интеграциялау жоспарланды.  

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил