Тарих – асыл мұрамыз

Қаражанбас мұнай-газ кен орны 1974 жылы 26 қаңтарда ашылды. Бұл күні бұрын-соңды болмаған таяз тереңдік 300 метрден алғаш рет мұнай фонтаны атқылады.

1977 жылғы іздеу-барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша жаңа кен орнының мұнай мен газ қоры есептеліп, КСРО-ның қор жөніндегі мемлекеттік комитетінде бекітілді. (Баланстық қор - 238 535 мың тонна, қалпына келтіру коэффициенті 0,36; қалпына келтірілетіні - 96 983 мың тонна). Алайда, өндіруге қатысты күрделі мәселелер туындады. Сынамалар мұнайдың «ауыр», Өзен кен орнындағыдан 50 есе жоғары тұтқырлыққа ие екенін көрсетті. Осыған орай, игерудің жаңа тәсілдері қажет болды. Ұзақ және табанды зерттеулер нәтижесінде термиялық әсер ету технологияларын қолдану туралы шешім қабылданды.

Кен орнын 1980 жылы қыркүйек айында  Краснодарлық  Мұнайды қалпына келтіру және ұңғыманы жөндеу басқармасы  (МҚКжҰЖБ) игере бастады. 1982 жылдың желтоқсан айынан бастап Краснодар МҚКжҰЖБ цехі негізінде, Мұнай өнеркәсібі министрлігінің 1982 жылғы 12 тамыздағы No 426 бұйрығына сәйкес, Қаражанбас мұнайды қалпына келтіру және ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша (Қаражанбас МҚКжҰКЖ) басқарма құрылды. Аталмыш басқарма 1986 жылы «Қаражанбастермнефть» Мұнай және газ өндіру тәжірибелік басқармасы (МГӨТБ) болып қайта құрылды.

1994 жылдың ақпанында «Қаражанбасмұнай» Акционерлік Қоғамы құрылды. Оны 1996 жылдың аяғында Канаданың «Triton - Buko Energy Group» LTD (кейінірек «Nations Energy Company» LTD болып өзгертілген) фирмасы сатып алды. Кейін ол 2007 жылдың қаңтар айында өз акцияларын Қытайлық «СІТІC» және «ҚазМұнайГаз» компанияларына толық сатты. «Қаражанбасмұнай» АҚ негізгі қызметі - көмірсутек шикізаты кен орнын игеру. Мұнда мұнайды қалпына келтірудің термиялық әдісін қолдану,  яғни жер қабатына бу-термиялық әсер ету әдістері жүзеге асырылады. Ол үшін Ресейде (Таганрог қ.) өндірілетін бу қондырғылары мен көптеген шетелдік техника, технологиялар қолданылады.

Кен орны 1980 жылдан бастап іске қосылды. Төрт жылдан кейін Қаражанбаста алғашқы миллион тонна мұнай өндірілді. Қарқынды бұрғылау және термиялық әдістерді қолдану арқылы 1990 жылы Қаражанбас кен орнында жылдық максималды көрсеткішке (1 300 мың тонна) қол жеткізілді. Дегенмен жарқын перспективалардың жүзеге асырылуы мүмкін емес еді. Себебі бұл кезеңде Кеңес Одағының құлап, республикадағы көптеген салаларға, оның ішінде мұнай-газ саласына да айтарлықтай әсерін тигізді.

Елде жекешелендіру мен акционерлік қоғамдарды құрудың мемлекеттік бағдарламасы басталды. Нәтижесінде, 1994 жылы кәсіпкерлік субъектіні мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және «Мұнайгаз» мемлекеттік холдингтік компаниясы қаулысының негізінде «Қаражанбастермнефть», «Қаражанбасмұнай» Ашық Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.

1997 жылы сәуірде Калгари (Канада) қаласында тіркелген тәуелсіз халықаралық Nation Energy Company Ltd. компаниясы «Қаражанбасмұнай» ААҚ-ның 94,6% акциясын сатып алды. 1997 жылдың 26 ​​мамырында Қазақстан үкіметімен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес аталмыш компания «Қаражанбасмұнай» ААҚ кен орнын 25 жылға игеру құқығын алды.

2005 жылы 31 наурызда Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының талаптарына байланысты «Қаражанбасмұнай» ААҚ-ны «Қаражанбасмұнай» АҚ ретінде қайта тіркеу жүргізілді. 

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил