ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ: БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖАРҚЫН ЖОЛ

«Қаражанбасмұнай» АҚ - мұнай өндіретін ірі компания. Оған өңірдегі  мұнай өндірістің 12%, ал Қазақстан бойынша 2,5% үлесі тиесілі. Компания жоғары қауіпсіздік стандарттарына сай, білікті персонал мен ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз ететін экономикалық тиімді ресурстық базаға ие. Негізгі қызмет түрлеріне шикі мұнайды өндіру, өңдеу және тасымалдау кіреді.

Бәсекелік артықшылықтар

Қаражанбас мұнайының бірегей құрамы - жол битумын өндіретін таптырмас шикізат, ал кен орнының қолайлы географиялық орналасуы өндірілген мұнайды әлемдік нарықтарға тиімді тасымалдауға мүмкіндік береді.

ҚБМ жетістігінің негізгі компоненттері:

Біздің басты артықшылығымыз - бұл тиімді басқару және нәтижеге бағытталған біртұтас кәсіби ұжым.

 

Кен орны сипаттамасы

Қаражанбас кен орны Маңғыстау облысындағы Бозашы түбегінде, Ақтау қаласынан солтүстікке қарай шамамен 200 км жерде орналасқан. Кен орны 1974 жылы 22 қаңтарда ашылды, бұл кезде 303 метр тереңдікте мұнай шоғыры табылған еді. Кен орнының мұнай-газдылығы Бозашы көтерілісі шегінде 500 метр абсолюттік белгіге дейін жатқан төменгі Борлы және ортаюралық шөгінділермен байланысты.

Кен орнындағы мұнай қоры

Қаражанбас кен орны - ТМД-дағы тұтқырлығы жағынан ең ірі таяз мұнай кен орны. Мұнай ауыр, жоғары шайырлы. Тән ерекшелігі - ванадий мен никельдің болуы. Геологиялық қор 300,799 мың тоннаны құрайды, бастапқы алынатын қор - 90,166 мың тонна (есептелген мұнай алу коэффициенті 0,30 бірлік). 01.01.2021 жылғы жағдай бойынша - алынатын қалдық қоры 34 551 мың тоннаны құрайды. 

Мұнай өндіру көлемі

 

2008 жылдан бастап мұнай өндірудің жыл сайынғы өсімі байқалады. Егер 2008 жылы 1 миллион 829 мың тонна мұнай өндірілсе, бұл көрсеткіш 2014 жылы жоспардан 57 мың тоннаға артық орындалып - 2 миллион 132 мың тоннаны құрады. Өндіріс көлемі 2015 жылы 2,138 мың тонна, 2016 жылы - 2 миллион 140 мың тонна, 2017 жылы - 2 миллион 141 мың тонна, 2018 жылы - 2 162 мың,  2019 жылы өндіріс көлемі 2 миллион 164 мың тоннаға жетті. Ал, 2020 жылдың соңына қарай өндіріс көлемі - 2 млн.2002 тоннаны құрады. 

 

Жұмысшылардың штаттық құрамы

Компания жетістігі кәсіби еңбек ресурстарына негізделген, сондықтан компанияның өндірістік тиімділігінің негізі - жоғары білікті және ынтымағы жарасқан команда. Компания штатындағы және басқа да қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлерін қоса алғанда, Қаражанбас кен орнында 7 мыңнан астам жұмысшы еңбек етеді. 

Компанияның серіктестері қатарында жабдықтар, арнайы киімдер, қорғаныс құралдарын жеткізетін және әртүрлі қызметтерді ұсынатын 300-ден астам отандық компания бар. Бұл тұста Қоғам отандық өнім мен қызмет көрсететін жергілікті ұйымдарды қолдап, олармен серіктестікте жұмыс істеп отырғанын атап өткен жөн. 

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил