Бүгін Ақтау қаласында Абай атындағы мәдениет үйінде Қазақстан мұнайына 120 толуына бірқатар мұнайшы мамандар марапатталды

0

Бүгін Ақтау қаласында Абай атындағы мәдениет үйінде Қазақстан мұнайына 120 толуына бірқатар мұнайшы мамандар марапатталды. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев мұнай-газ саласының мамандарының, оның ішінде «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлеріне де наградаларды табыстады.
Салтанатты шарада «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті Ли Тецян «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерекелік медалімен марапатталса, Нұрхан Мусин, Асан Шуриев, Шуақбай Нұрниязов «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет белгісімен, Бауыржан Ешманов ҚР Энергетика министрлігінің төсбелгісімен, Болатбек Әбдіғалиев ҚР Энергетика министрлігінің медалімен және Азат Баймұханов, Кеуікбай Тастеміров Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Атаулы мерекеде марапатқа ие болған барша әріптестерімізді еңбек ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз! 

Дата публикации:
0

Просмотры: 5478

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил