Ардагер мұнайшы Жолдас Тоғжанов «Қаражанбасмұнай» АҚ еңбек ұжымына есте қаларлық тарту жасады.

0

Ардагер мұнайшы Жолдас Тоғжанов «Қаражанбасмұнай» АҚ еңбек ұжымына есте қаларлық тарту жасады. Саналы ғұмырын мұнай-газ саласына арнап, Маңғыстау өңіріндегі бұрғылау жұмыстарына елеулі үлес қосқан ақсақал компанияға өзінің жеке кітапханасынан 80-ге жуық мұнай-газ және басқа да тақырыптарды қамтитын әдебиеттерді табыс етті. 
1998 жылға дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ-да еңбек еткен Ж.Тоғжанов: «Осыған дейін мұнай-газ саласына қатысты түрлі кітаптарды жинадым. Бұл кітаптар осы бағытта еңбек ететіндер үшін аса қажет деп санаймын. Сондықтан бұл кітаптарды «Қаражанбасмұнай» АҚ кітапханасына тапсыруды жөн деп таптым», деді. 
Енді Жолдас Тоғжанов сыйлаған кітаптарды компания мұнайшылары Қаражанбас кен орнындағы кітапханадан алып оқуларына мүмкіндік бар. 

Дата публикации:
0

Просмотры: 6834

Поделиться:

Комментарии:

0
лет на
нефтяном рынке
0
миллионов
тонн нефти
0
штатных
сотрудников
0
охват
рабочих сил